29 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Жаңартылған білім мазмұнының өзекті мәселелері мен даму перспективалары»

Балабақша педагогтары әдіскер Нұржанова С.Ү. саз жетекшісі Бопылдықова А.Т. тәрбиешілер Сәңкібаева Д.Ж. Накесова С.К. Алтаева Б.А. Алматы қаласында «Алтын глобус» Республикалық ғылыми оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаңартылған білім мазмұнының өзекті мәселелері мен даму перспективалары» атты  республикалық педагогикалық семинарға қатысып,республика көлемінде іс-тәжірибелерімен бөлісіп келді.

 

Республикамыздағы ұстаздарымыздың мәртебесін көтеріп,педагогикалық шеберлігін арттыру,жаңа ғасырдағы жаңа форматтағы мұғалім келбетін қалыптастыру,білім беру салаларындағы мамандардың ішінен ең үздігін анықтау мақсатында 2017-2018 оқу жылында өткізілген ІY Республикалық «ЕҢ ҮЗДІК ИННОВАТОР ПЕДАГОГ» байқауының ІІ –орын иегерлері әдіскер Нұржанова С.Ү. саз жетекшісі Бопылдықова А.Т. тәрбиешілер Сәңкібаева Д.Ж. Накесова С.К. Алтаева Б.А «Алтын қыран»Республикалық білім дамыту және мәдени шығармашылық орталығының ҚР білім және мәдениет саласындағы жеткен нәтижелі жетістіктері мен үздік қызметі үшін «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталды.Сонымен қатар Елбасымыздың «100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру мақсатында,Астана қаласының 20 жылдығына,Алаш қайраткерлері А.Байтұрсыновтың 145 жылдығына,М.Жұмабаевтың 125 жылдығына орай республикамыздағы білім,мәдениет және тәрбие саласындағы үздік қызметкерлердің еңбектері мен жетістіктерін қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында жарық көрген Қазақстан Республикасының Білім және мәдениет саласындағы үздік қызметкерлердің «Алтын кітап» энциклопедиясына өмірбаяндары жарияланды