02 Қар 2020
Мектеп туралы

Мектеп туралы

 

Атырау  облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Шағала» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны туралы жалпы мәлімет.

Атырау  облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Шағала» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Атырау облысы, Атырау қаласы ,Қайыршақты ауылдық округі,Томарлы селосы, Себен Құтхожин көшесі Құрылыс 1Б мекен жайында орналасқан.

 «Шағала» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Материалдық-техникалық  база : Мектепке дейінгі мекемелерге тиісті құрал-жабдықтармен, жас ерекшелігіне сай   ойыншықтармен , техникалық құралдармен, оқыту-тәрбиелеу кезінде бағдарламаларға сәйкес қолданылатын  әдебиеттермен, әдістемелік көмекші құралдармен қамтамасыз етілген. Мамандар, әдіскер, есепші,  медбике ,шаруашылық меңгерушісі ,басшы кабинеттері және барлық топ  жеке компьютерлермен қамтамасыз етіліп,ғаламтор желісімен қамтамасыз етілген . Саз залы және мектепалды даярлық тобы интерактивтік және мультимедия құрылғылар тақтасымен 

жабдықталған.Директор,әдіскер,есепші,медбике кабинеттері және саз залы ғаламтор жүйесіне  қосылған. Бөбекжай-бақшада әрбір топ тәрбиешілерінің педагогикалық мақсатта ізденуде ғаламтор жүйесіне кіруге мүмкіндік жасалған.Саз залы- балалардың мерекелік шараларын  өткізу үшін барлық талапқа сай келеді. Музыкалық аппаратуралармен, дыбыс күшейткіш  қондырғылармен,музыкалық  құралымен қамтамасыз етілген.

Бөбекжай-бақшаның негізгі мақсаты:Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

 

      Бөбекжай- бақшасында  «Денсаулық» білім беру саласы бойынша денсаулығы мықты,дене бітімі дамыған баланы тәрбиелеу ,тәрбиеленушілердің бойында өз денсаулығына саналы түрде қарауды қалыптастыру мақсаты қойылған.Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы балалардың денсаулығын қорғау мен нығайтуға,өмірлік маңызы бар қимыл түрлерін қалыптастыруға,балалардың физикалық қасиеттері мен дербес белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Балалардың денсаулығы үшін жайлы,бала ағзасының жас ерекшеліктеріне бағдарланған күн реттілігі құрылып,қызмет түрлері арасындағы үзіліс сақталып,қимыл және зияткерлік белсенділігі мақсатты үйлестірілген.

   «Қатынас» білім беру саласы бойынша балалардың ауызекі сөйлеуін қалыптастыру,өмірдегі түрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын игеру,оқу мен жазудың алғы шарттарын қалыптастыру,Қазақстан халқының мәдениетімен,салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі және байланыстырып сөйлеуді,мәнерлеп оқу мен мазмұндауды дамытуды,тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді,белсенді сөздік қорын байытуды,тілдік нормаларды игеруді,мемлекеттік және орыс тілдеріне үйретуді дамыту жұмыстары жүргізіледі.

«Таным» білім беру саласы бойынша жұмыс балалардың жеке тұлғасын қоршаған әлеммен өзара с-қимыл жасауда командада жұмыс істей білуге қажетті танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын игеру үшін және санау дағдыларын,геометриялық пішіндер туралы түсніктерді қалыптастырды,кеңістік және уақытты бағдарлауды,тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары жөнінде білімдерді кеңейтуді,креативтік ойлауды дамытуды қамтиды.жас және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша шығармашыл тұлғаны ,шығармашылық қабілеттерді,сезімдік-эмоционалдық саланы,қиялды,ойлауды,көркем талғамды қалыптастыру,ұлттық бейнелеу өнеріне баулу арқылы патриотизмге баулу қарастырылған.Балаларды музыкалық дамыту ҰОҚ,сондай-ақ күнделікті өмірде музыкалық-дидактикалық ойындар ,театрландыру элементтері,қазақ халық музыкалық аспаптары мен өзге халықтардың аспаптары қолданылады.балалар музыкалық шығарманың жанрын ажыратады,шығарманың кіріспесі,әуені және ырғақты суреті бойынша таниды.Бейнелеу өнері қызметі бойынша ҰОҚ тәрбиешілер оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі нысандарын қолданады,яғни балаларды түрлі кескіндеу техникасымен таныстыру,балалардың өз ойын композициямен,түспен,пішінмен,ырғақпен жеткізу машығы қалыптастырылады.

«Әлеумет» білім беру саласы бойынша бөбекжай-бақшада балаларды әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше үйрену дағдыларын игеруді ,қоғамда өзін-өзі ұстай білудің адамгершілік нормаларын,сондай-ақ жалпы адамзаттық қүндылықтарды меңгеруді,баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуін,оларға құрметпен қарауды,дербесігін тәрбиелеуді,өзінің отбасына жақындық сезімін,эмоционалды елгезектікті,жаншырлықты қалыптастыруды,қазақ халқының сондай-ақ басқа халықтардың тарихын,мәдениетін білу мен құрметтеуді,туған жер туралы түсініктерін кеңейтуді,еңбек түрлері мен түрлі мамандық иелеріне қызығушылықты қалыптастыруды қамтиды.                                                                                                                                                                                      

Мектеппен сабақтастығы:Жергілікті Қ.Смағұлов атындағы орта мектеппен жылдық жоспарға сәйкес сабақтастық жұмыстары атқарылып отырылады. Бөбекжай-бақша педагогтары және мектептің бастауыш сынып мұғалімдері қызметтік тәжірибе алмасып отырады.Жыл сайын өтілетін «Білім жолымен» атты  мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық сайысына мектептің бастауыш сынып мұғалімдері әділ-қазылық етеді.Мектепке саяхат ұйымдастырылады.

Әдіскер кабинеті- әдістемелік көмек жинақтары мен  кітаптармен жабдықталған. Тәрбиеші мен мамандар үшін кәсіби шеберлігін жетілдіруде жыл бойына  көмекші құрал ретінде  басылымдарға жазылып ,жинақталып отырады. Театр әрекеттеріне арналған қуыршақ театры үшін қуыршақтар, үстел үсті театры атрибуттары  бар. Сахналық қойылымдарға арналған жануарлардың және басқа да түрлі  қызықты сәттер үшін ертегі кейіпкерлерінің костюмдері бар.

 

Бөбекжай-бақшада  41  қызметкер қызмет етеді. Бөбекжай-бақшаның сыйымдылығы-140 орындық.Тізім бойынша бала саны-140. Топ саны-6. Ортаңғы топ-(3-4 жас)-1 ,ересек топ(4-5жас)-3 ,мектепалды даярлық тобы (5-6жас)-2.Оқу тәрбие процесі қазақ тілінде жүргізіледі.Педагогтар саны-16,оның ішінде директор-1,әдіскер-1,психолог-1,тәрбиешілер-12. Мектепке дейінгі ұйым ғимараты типтік. Жұмыс уақыты 10,5 сағат. Бөбекжай-бақшаның  материалдық-техникалық базасы заман талабына сай,компьютерлермен жабдықталған,ғаламтор желісіне қосылған.Бөбекжай-бақшаның барлық тобының қабылдау бөлмесі,ұйқы бөлмесі,топ бөлмелеріне бейне бақылау камералары орнатылған.Жалпы бөбекжай-бақшада  ішкі-25 және сыртқы-26 орналастырылған.

Жылыту жүйесі-автаномды.

Білім мекемесінің аттестациядан өткен жылы- 04.11.2016ж. Атырау облысы Білім саласындағы бақылау департаменті бұйрық №267.

Күрделі жөндеуден өтілген жылы-2018 жыл мамыр-қазан аралығы.

 

 

 

Бөбекжай-бақша құжаты

Балабақша :  КМҚК «Шағала» (Томарлы) 

Пошталық индексі : 060024

Жоба қуаттылығы (орын)  : 140 

Оқыту тілі : қазақ тілінде

Білім мекемесінің аттестациядан өткен жылы : 04.11.2016ж. Атырау облысы Білім саласындағы бақылау департаменті бұйрық №267

Ғимарат түрі  : екі қатарлы

Жалпы көлемі : 724м2

Қолданылуға берілген жылы : 1990ж

Жер көлемі : 1157,5м2

Күрделі жөндеуден өтілген жыл : 2018 ж мамыр-қазан