02 Қар 2020
Тарихы

Тарихы

КМҚК  «Шағала» Томарлы балабақшасының жалпы  мәліметі:

 

«Шағала» Томарлы балабақшасы - коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.Қазіргі  орналасқан  жері  Атырау  қаласы, с.Томарлы Себен Құтхожин-1Б.Балабақша 1990 жылы қазан айында пайдалануға берілген.Балабақшаның  жалпы  көлемі  0,5451га  шаршы  метрді  құрайды. Учаске  бөлінбейді,  инженерлік  жүйелерді  жөндеу  үшін  кіру  құқығы  мен  ауыртпашылықты,  жер  пайдалану  құқығы  шектеусіз 04-066-050   кварталда  орналасқан.Балабақшада  37  қызметкер  жұмыс  жасайды.Екі  қабаттан  тұрғызылған. 2018 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында күрделі жөндеуден өткізілді.

 Материалдық-техникалық  база : Мектепке дейінгі мекемелерге тиісті құрал-жабдықтармен, жас ерекшелігіне сай   ойыншықтармен , техникалық құралдармен, оқыту-тәрбиелеу кезінде бағдарламаларға сәйкес қолданылатын  әдебиеттермен, әдістемелік көмекші құралдармен қамтамасыз етілген. Мамандар, әдіскер, есепші,  медбике ,шаруашылық меңгерушісі ,басшы кабинеттері және 3 топ  жеке компьютерлермен қамтамасыз етілген. Саз залы интерактивтік және мультимедия құрылғылары тақтасымен жабдықталған.Директор,әдіскер,есепші,медбике кабинеттерінде және саз залы компьютері ғаламтор жүйесіне  қосылған. Балабақшада педагогтардың  педагогикалық мақсатта ізденуде ғаламтор жүйесіне кіруге мүмкіндік жасалған.Саз залы- балалардың мерекелік шараларын  өткізу үшін барлық талапқа сай келеді. Музыкалық аппаратуралармен, дыбыс күшейткіш  қондырғылармен,музыкалық  құралымен қамтамасыз етілген. Мамандар кабинеті – психолог,ағылшын тілі және орыс тілдері маманы үшін жасақталған. Қабырғада стенд  жапсырылған. Маман іс-әрекеттері  үшін  құралдары жинақталуда.6 топта жас ерекшелігіне сай жабдықталған. Заттық –пәндік дамытушы орта барлық топта жүйелі, мемлекеттік стандарт талаптарына сай жасақталған.

 Балаларды оқытып тәрбиелеуде, Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартына сүйенеді. Базистік оқу жоспарының сағат сандары Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 2016 ж 22.06    №391 бұйрығына сәйкес (ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 2012 ж  20.12 №557 бұйрығына қосымша)сәйкес келеді.

 -І кіші «Балапан» тобы-9 сағат

-ІІ  кіші  «Ботақан», «Қошақан» топтары- 11 сағат, вариативтік компонент-1 сағат

-ортаңғы «Күншуақ» «Еркемай»топтары-12 сағат, вариативті компонент-2 сағат

-Ересектер «Айгөлек»тобы-17 сағат, вариативті компонент-3 сағат

 Мектеппен сабақтастығы:Жергілікті Қ.Смағұлов атындағы орта мектеппен жылдық жоспарға сәйкес сабақтастық жұмыстары атқарылып отырылады. Балабақша педагогтары және мектептің бастауыш сынып мұғалімдері қызметтік тәжірибе алмасып отырады, ашық оқу іс-әрекеттеріне  барады. Мектепке саяхат ұйымдастырылады. Ашық мерекелік шараларға мектеп мұғалімдері  қонаққа шақырылады.

 Әдіскер кабинеті- әдістемелік көмек жинақтары мен  кітаптармен жабдықталған. Тәрбиеші мен мамандар үшін кәсіби шеберлігін жетілдіруде жыл бойына  көмекші құрал ретінде  басылымдарға жазылып ,жинақталып отырады. Театр әрекеттеріне арналған қуыршақ театры үшін қуыршақтар, үстел үсті театры атрибуттары  бар. Сахналық қойылымдарға арналған жануарлардың және басқа да түрлі  қызықты сәттер үшін ертегі кейіпкерлерінің костюмдері бар.

 Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту,балалардың жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу және ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдылары мен өз бетінше оқу дағдыларын дамыту,балалардың тарихқа,табиғатқа,мәдениетке және туған өлкенің бай мұрасына сүйіспеншілігін қалыптастыру,балаларды мектепте оқуға мақсатты түрде дайындау мақсатында білім беру процесінде нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, бірнеше ашық ұйымдастырылған оқу қызметтер, ашық шаралар, көрмелер, дамытушы орталықтар ұйымдастырылады. Балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын игеру бойынша мониторингі  бастапқы деңгей қыркүйек айында ,аралық деңгей қаңтар айында және екінші жартыжылдық  бойынша мамыр айында қорытынды деңгей шығарылып  қаралып отырылады.

 Топ тәрбиешілері балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ете отырып,топтағы тәрбиелеу-білім беру әрекетін жоспарлайды.Білім беру салаларының ұйымдастырылған оқу қызметтерінің перспективалық жоспарлары өңірлік ерекшеліктерге,балалардың жастарына,балабақшаның жылдық міндеттемесіне,халықаралық және республикалық маңызы бар мереке күндеріне бағдар жасай отырып  құрылып өтпелі тақырыптарға сәйкес жүргізіледі.Білім беру салаларын кіріктіру ұстанымын ескере отырып,заттық-кеңістіктік дамытушы ортада бүлдіршіндермен топтық және жеке жұмыстар өткізіледі.

 Балабақша психологы балалардың психологиясы мен әлеуметтік саулығы үшін жағдай жасай отырып,балаларға,педагогтарға,ата-аналарға әртүрлі оңалту және кеңес беру көмек беру көмек түрлерін көрсету арқылы  жылдық жоспары бойынша шаралар өткізеді.Әрбір баланың жеке психологиялық-педагогикалық картасын құра отырып,жеке балалармен жұмыс жүргізеді.

 Орыс тілі және ағылшын тілі пәні мамандары оқылатын тілдің ерекшелігін ескере отырып,ұйымдастырылған оқу қызметін базистік оқу жоспарына сәйкес оқудың әртүрлі формаларын,әдістерін,тәсілдерін,құралдарын қолдана отырып баланың тілдерге жеке қабілеттерін айқындайды және оның дамуына ықпал ете отырып,үш тілде оқытудың бірлігін жүзеге асырады. 

 Балабақшаның музыка жетекшісі  балалардың музыкалық дамуын жүзеге асырып,музыка ұйымдастырылған оқу қызметін,балалар мерекелерін және басқа да мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастыра отырып, музыкадан дарынды балаларды анықтап олармен жеке жұмыс жүргізеді.

 Қазақстан Республикасы, Тіл туралы Заңын жүзеге асыру бағытында «Тіл тағдыры-ел тағдыры» тақырыбында балалар және педагогтар арасында апталық өткізіліп келеді. Қ.Смағұлов орта мектебімен сабақтастық жоспары бойынша балалар мектепке және мектептегі Қ.Смағұлов батыр атамыздың көрмесіне саяхат жасайды.

 Оқу-тәрбие үрдісі барысында 2016-2019 жылдарға арналған «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  негіздерін және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік Рәміздері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заңдарын башылыққа  ала отырып іс-шаралар жоспары жасақталып тәрбие жұмыстары  балалармен,ата-аналармен,педагогтармен  өткізіледі.