30 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Ұлттық бірегейлікті сақтау»

Балабақшада  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұжым мүшелерінің қатысуымен «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыбында интеллектуалдық сайыс өтті.

 

Сайыс мақсаты ұжым мүшелерінің арасында қазіргі жаһандану дәуірінде өзінің ұлттық құндылықтарын сақтап,жат идеологиялардың ықпалына төтеп бере алатын қасиеттерін шыңдау,қазақ халқының бай тарихи мұрасын сақтай отырып,ұлттық сана сезімін дамыту,ұлттық болмысты сақтай отырып,ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдыруға жұмылдыру,ұлттық салт-дәстүрлердің мән-мағынасын жаңғырту болды.Сайысты балабақша әдіскері С.Ү.Нұржанова жүргізді. «Мыңның жүзін білгенше,бірдің атын біл» «Ою ойғанның ойы ұшқыр» «Ұлттық салт-дәстүр санамызда» «Ым-ишара» «Жаңғыру жазудан басталады» «Ұлттық музыка ұлттық рух дарытады» атты айналымдардан құрылған сайысқа ұжым мүшелерінен құрылған «Жас алаш» және «Жаңғыру» тобы қатысты.Сайыс соңында қатысушылар «Ұлттық қолөнерді жетік меңгерген тұлға» «Ұлттық салт-дәстүрді жетік меңгерген тұлға» «Ұлттық құндылықтарды жетік меңгерген тұлға»  деген номинациялар бойынша дипломдармен және жүлделі орындармен марапатталды.