30 Қаз 2020
Жаңалықтар

Спорттық сайыс «Көңілді мәре»

КМҚК «Шағала» балабақшасында 2018 жылдың 11-желтоқсан күні 3-4 жастағы балаларды қамтитын«Ботақан»және «Қошақан» топ балаларының арасында және 12-желтоқсан күні 4-5жастағы ,5-6жастағы балалардың «Күншуақ» және «Еркемай» «Айгөлек»топтарының арасында «Көңілді мәре» атты спорттық сайыс өткізілді.

 

Сайыс ерекшелігі топ балаларымен бірге ересектер,яғни топтың көмекші тәрбиешілері мен тәрбиешілері,ата-аналар бірге жарысқа түсті. Сайыс мақсаты денсаулық сақтау технологиясын қолданып, ойындар мен жаттығулар арқылы  мектеп жасына дейінгі балалардың денешынықтыруға қызығушылықтарын арттыру,салауатты өмір салтына баулу және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру  болды. Сайысқа қатысқан әр бүлдіршін өздерінің жас ерекшеліктеріне сай ептіліктерін,шапшаңдықтарын,ұйымшылдықтарын көрсете білді.Сайыс соңында дипломдар,алғыс хаттар табысталды.