30 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Денсаулық әлеміне саяхат» апталығы

КМҚК «Шағала» балабақшасында «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұнына сәйкес баланың денсаулығын сақтау және нығайту,дене шынықтыруға қызығушылығын арттыру,денсаулық сақтау технологиясын пайдалана отырып,қозғалыс біліктері мен дағдыларын қолдануға баулу және дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты,салауатты өмір салтын ұстануға баулу мақсатында «Денсаулық әлеміне саяхат» тақырыбында апталық өтті.

 

Апталық барысында «Балапан» «Ботақан» «Қошақан» «Күншуақ» «Еркемай» «Айгөлек»топ бүлдіршіндері  дене бұлшық еттерін жаттықтыра  отырып,ептілік,шыдамдылық,икемділік сияқты дене қасиеттерін қалыптастырды. Топ тәрбиешілері апталық өткізу барысында  балалардың жас шамаларына сәйкес дене жаттығулары мен сауықтыру шараларын іріктей біліп,шығармашылық ізденістерін көрсете алды. Балалардың бұрын игерген біліктері бекітіліп,оларды орындау сапасы жоғарылатылды.Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес  түрлі қарқынды жаттығуларды бүлдіршіндер қызығушылықпен орындады.