30 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Ең аяулы келін» сайысы

КМҚК «Шағала» балабақшасында «Наурыз мерекесі» қарсаңында Елбасының  «2019 жыл-Жастар жылы» етіп жариялануына орай балабақшаның жас қызметкерлерінің арасында «Ең аяулы келін» сайысы өткізілді.

 

Сайысты балабақша тәрбиешісі Қозбақова Р.А. жүргізді.Сайыс мақсаты:ұжым мүшелерінің арасында жастарды жаңалыққа, дербестікке ұмтылуын арттыру,беделін көтеру,жас ұжым мүшелерінің өзіндік қабілеттерін байқау,ұлттық ұғым мен ұлттық сананы жастар арасында кеңінен насихаттау және отбасы тірлігі мен қоғамдық орындағы қызметін қатар алып жүру дағдыларын нығайту болды.Сайыс «Мен өзімді таныстырсам» «Өткірдің жүзі,кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас» «Таңғажайып киім үлгілері» «Қызықты өткен күндер-ай» «Қазағымның дәстүлері-ай» деп аталатын кезеңдерден құрылды.Сайысқа балабақшаның ең жас мүшелері қатысып,әрқайсысы өздерінің әр қырынан бейімділіктерін көрсете алды.Сайыс қорытындысында «Ең аяулы келін» бас жүлдесіне шаруашылық меңгерушісі Көптілеуова А. ие болды. 

 

Балабақша меңгерушісі Джанжолова Г.А. қатысушыларды «Наурыз мерекесімен»құттықтай отырып,дипломмен және сыйлықтармен марапаттады.