Балабақшада ұжымды біріктіру,педагогтарды бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою, эмоциялық көңіл-күйді белсендіру, кәсіби құлшынысты арттыру, жігерлендіріп,көңіл-күйін көтеру, қарым-қатынастың белсенді стилін дамыту, достықтың адам өміріндегі өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру арқылы, педагогтардың достық қасиеттерін ұштау мақсатында «Ұжымдағы достықты қадірлеу» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
Тренингті балабақша педагог-психологы Ізтелеуова М.Т. жүргізді. «Сәлемдесу» жаттығуынан басталған тренинг «Қасиеттер жәрмеңкесі» «Жұдырықты ашу» «Аялы алақан» «Сиқырлы кесе» жаттығуларымен жалғасты. Педагогтар тренинг барысында шынайы достық сезімдерін риясыз көңіл-күймен жеткізе білді. С.Бәйтерековтың «Дос туралы жырымен» қорытындыланған психологиялық тренингтен педагогтар керемет әсер алды.
https://shagala-sad.goroo-atyrau.kz/janalyq/4564-%D0%BF%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D1%82%D1%80%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%BD%D0%B3-%C2%AB%D2%B1%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B-%D0%B4%D0%BE%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B-%D2%9B%D0%B0%D0%B4%D1%96%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%83%C2%BB.html#sigFreeIdf2fc751ef2