30 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Достығымыз жарасқан»

1-мамыр -«Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі қарсаңында бөбекжай-бақшамызда балалардыңбірлік,ырыс-ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту,елімізде тұратын басқа ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарау, бір шаңырақ астында көптеген ұлт өкілдері татулықпен,достықпен өмір сүріп жатқаны туралы танымдық ойларын дамыту мақсатында «Достығымыз жарасқан» тақырыбында ертеңгіліктер өткізілді.


Ертеңгілік барысында әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімін киген бүлдіршіндер би билеп, ән шырқады және қызықты ойындар ойнады.Мерекені тойлауда ата-аналар да өз белсенділіктерін көрсетті.  Балалар мереке мазмұнын керемет көңіл-күйде сезіне алды.