Бөбекжай-бақшада қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуы аясында ұлт мақтанышының өмір жолын,өлеңдерін,нақыл сөздерін,
философиялық ой-толғауларын насихаттау және ұжым мүшелерінің дүниетанымын кеңейту,шығармашылық қабілеттерін дамыту,жүйелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» сайысы ұйымдастырылды.Сайыста ұжым мүшелерінен құралған «Абай жауһарлары» және «Әйгерім» топтары «Абай жаққан бір сәуле....» «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы ерінбе...»«Абай айтқан асыл сөз» «Өткірдің жүзі,кестенің бізі,өрнегін сендей сала алмас» «Әнді сүйсең менше сүй» «Абай әлемі» атты алты кезең бойынша біліктіліктерін,өнерлерін ортаға салды.Ұжым мүшелерімен бірге бүлдіршіндер де Абай ата өлеңдерін жатқа айтып, өнерлерін көрсетті.
Сайысты тәрбиешілер Тлекқабылова Н.И., Сәңкібаева Д.Ж. жоғары деңгейде ұйымдастырып жүргізді және саз жетекшісі Бопылдықова А.Т. музыкалық жағынан ұтымды көркемдей білді.Сайыс соңында бөбекжай-бақша директоры Джанжолова Г.А. әрбір қатысушыны түрлі номинациядағы дипломдармен марапаттап, естелікке «Абайдың қара сөздері»кітапшасын ұсынды.