Бөбекжай-бақшамызда қыркүйек айында «Тіл мерекесі» қарсаңында «Тіл-біздің тірегіміз тақырыбында ашық шара өткізілді.Балалардың тіл туралы білімдерін жетілдіру,өз ана тілінің қадір қасиетін біліп,тілдің көркемдігін сезініп,сөз құдіретін түсініп,оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету,тақпақтар,мақал-мәтелдер айтып,жұмбақтар шешу арқылы бала тілін дамыту мақсатында өткізілген тәрбиелік шараның бүлдіршіндер үшін маңызы зор.
Ашық шара барысында Мектепалды даярлық «Айгөлек» тобының тәрбиеленушісі Қайратқызы Диана ақын Т.Молдағалиевтің «Үйретеді кім оған ана тілін» өлеңін нақышына келтіріп мәнерлеп айтып берді. Балалар оқу қызметіне қызығушылықпен қатынасып,тақырып бойынша жақсы түсінік алды.