12 Қаз 2021
Жаңалықтар

«Қарты бар үйдің қазынасы бар»

Бөбекжай-бақшада 1-қазан күні «Қарттар күні» аясында «Қарты бар үйдің қазынасы бар» тақырыбында ортаңғы,ересек,мектепалды даярлық топтарында ашық шара болып өтті.

Балалар бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлауға тәрбиелеу,қариялар жөнінде,олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру,балаларды ата-әжені құрметтеуге,үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген бұл шарада тәрбиешілер тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,тақырып бойынша жақсы түсінік бере алды.