«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген педагогтердің ,балалар мен ата-аналардың қатысуымен «Ана тілің-арың бұл» атты өлеңдер,ертегілер,әңгімелер мәнерлеп оқу челленджі республикалық сырттай байқауының облыстық кезеңінде бөбекжай-бақшамыздың «Айгөлек» тобының тәрбиеленушісі Қайрат Диана Атырау облысы Білім беру бақармасы Әдістемелік орталығының ІІ-дәрежелі дипломымен марапатталды.Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем сөз арқылы туған елінің тарихына деген мақтаныш,құрмет сезіміне тәрбиелеу мақсатында өткізілген бұл байқауда Диана ақын Т.Молдағалиевтің «Үйретеді кім оған ана тілін» өлеңін мәнерлеп оқып қатысқан болатын.Бөбекжай-бақшамыздан қатынасқан бүлдіршініміздің жүлделі орын алуына ата-анасының ықпалы мол болды.
https://shagala-sad.goroo-atyrau.kz/janalyq/11459-ajrat-diana-oblysty-chellendzh-baj-auy-zhe-impazy.html#sigFreeIda9c2e71fc0