01 Қар 2021
Жаңалықтар

«Берекелі күз»

Бөбекжай-бақшада 2021 жылдың 25.10-29.10.күндері аралығында «Берекелі күз» тақырыбында барлық топ балаларының арасында ертеңгілік өткізілді.Мақсаты:балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау,күз-байлық,күз-мереке екенін ұғындыру,күз көрінісін ән,би,тақпақ, музыкалық ойын арқылы сипаттай отырып,әртүрлі қарқындағы музыканы қабылдау қатынасын жалғастыру,балалардың сөздік қорын жалпылаушы мағыналы сөздермен байыту,мерекелік көңіл-күй орнату болды.

Ертеңгіліктерді өткізген «Балапан» тобында тәрбиеші Раушанова Г. «Ботақан» тобында тәрбиеші Ниязова А. «Қошақан» тобында тәрбиеші Зейнова Г. «Күншуақ» тобында тәрбиеші Накесова С. «Айгөлек» тобында тәрбиеші Ожықова А. «Еркемай» тобында тәрбиеші Хасимова М. және барлық топ балалаларының жас ерекшелігіне сай әндер мен әуендер таңдап сүйемелдеген саз жетекшісі Бопылдықова А. болды.