КМҚК «Шағала» бөбекжай-бақшасында жас ұрпақты парасатты,ақылды,мейірімді,жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеуде ата-ананың ролі зор екенін түсіндіру,баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана беретін тәрбиенің әдіс-тәсілдердің маңыздылығын көрсету,ата-анамен балабақша арасында тығыз байланыс орнату мақсатында «Баланың бас ұстазы-ата-ана» тақырыбында ата-аналар арасында сайыс өткізілді.
Сайыс «Гүл шоғы» деп аталатын ата-аналардың ілтипатты лебіздерінен басталды. «Жаңылтпаш айта білеміз бе» «Ертегілер еліне саяхат» «Ситуациялық жағдайлар» «Шебер қолдар» бөлімдерінен құралған сайысқа ата-аналар жақсы дайындықпен келіп,отбасылық тәрбиелерімен бөлісті.Тәрбиеші Тлекқабылова Н.И. сайысты жүргізе отырып,ата-аналарға мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі жөнінде де пайдалы мағлұматтар бере алды. «Балапан» «Ботақан» «Қошақан» «Күншуақ» «Еркемай» «Айгөлек» топтарынан қатысушы ата-аналардың барлығы да түрлі номинациядағы дипломдармен марапатталды.