30 Қаз 2020
Жаңалықтар

Психологиялық тренинг «Өзіңе деген сенімділікті арттыру»

КМҚК «Шағала» бөбекжай -бақшасында «Өзіңе деген сенімділікті арттыру» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.

 

Мақсаты: педагогтар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, олардың жағымсыз көңіл-күйден арылуына ,күш-қуат жинауға,өзін-өзі тануға,өзін еркін сезінуге,өзіне деген сенімділіктерінің артуына көмектесу және тұлғаның өзін ортада көрсете білу болды.Тренингті балабақша психологы Ізтелеуова М.Т.  «Мен өзімді мақтаймын» «Ұжымдастарым,мен сендерге сенемін» «Өзіңді тереңірек тани біл» «Үрлеме шар» және т.б. жаттығулары арқылы ұйымдастырып,педагогтарға позитивті көңіл-күй сыйлады. Бұл тенингтің әсіресе,жас мамандар үшін  пайдалы болғаны байқалды.